Құрметті әріптестер!
Иллюстрация  2024 жылғы 6-7 маусымда Алматы қаласы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында өткізу жоспарланған «Asfen.Forum, жаңа ұрпақ-2024» ІІ Халықаралық форумды тоқтату қажеттілігін терең өкінішпен хабарлаймыз. Бұл шешім Қазақстанның бірнеше өңірінде қалыптасқан су тасқыны жағдайларына байланысты қабылданды.
  «Asfen.Forum, жаңа ұрпақ-2025» II Халықаралық форумы 2025 жылдың маусым айында болады және форум С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің 95 жылдығына арналады.
 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджет қаражатын үнемдеу және ірі іс-шараларды өткізуден аулақ болу қажеттігіне назар аударған ұсынымдарына сәйкес, біз шығындарды барынша азайту бойынша ұлттық күш-жігерге үлес қосуға тырысамыз. Президент сондай-ақ ірі халықаралық іс-шаралар шығындарды қысқарту мақсатында қайта қаралатынын атап өтті. Осы тұрғыда біз ғылыми қоғамдастықтың белсенділігін сақтай отырып, шығындарды азайту туралы шешіміміздің маңыздылығы мен қажеттілігін көреміз.
  Біз осы шараға қатысудың Сіз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және форумның тоқтатылуына қарамастан, біз ғылыми қоғамдастықты қолдауды жалғастыратынымызды атап өткіміз келеді.Атап айтқанда, тезистерді қабылдау жалғасуда, біз оларды тезистер жинағында жариялауды қамтамасыз етеміз. Бұл жас ғалымдарға қазіргі жағдайларға қарамастан, өз жетістіктерін түрлі елдердегі әріптестерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
 Осы қиын кезеңде түсіністік пен қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамыз. Қатысушыларға ғылыми қауымдастық аясында білім алмасуды және ынтымақтастықты қолдау үшін қосымша онлайн іс-шаралар мен вебинарлар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, біздің жаңартуларымыздан хабардар болыңыз.
Құрметпен,
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Басқарма төрағасы – ректор       Шоранов М.Е.

«Asfen.forum, жаңа ұрпақ-2024»
II Халықаралық форум, 6-7 маусым 2024 ж.

жас ұрпақтың шығармашылық қызметін шабыттандыру және ынталандыру мақсатында Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер туралы ақпарат, тәжірибе және нәтижелермен алмасу үшін академиялық қауымдастықтарды, зерттеушілер мен жас ғалымдарды біріктіруге бағытталған.

Форум программасы Тезистер жинағы Жас ғалымдар байқауы Тіркелу Тезистерді жіберу

Asfen-Forum-2023

Форум туралы

«Asfen.Forum, жаңа ұрпақ-2023» 1-Халықаралық форумы (бұдан әрі – Форум) өскелең ұрпаққа шығармашылық шабыт пен уәж беру мақсатында академиялық қауымдастықты, зерттеушілер мен жас ғалымдарды денсаулық сақтау саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелерімен таныстыруға бағытталған.

Форумның мақсаты – зерттеу нәтижелері мен халықаралық қауымдастықтың практикалық тәжірибелерін ұсына отырып, денсаулық сақтау саласындағы жоғары технология мен инновация саласында идеялар алмасу, отандық және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ соңғы кездердегі инновациялық әдістемелерді, жетістіктер мен үрдістерді жүзеге асыру кезінде зерттеушілер мен бизнес-серіктестер тап болатын практикалық мәселелерді талдау да назардын тыс қалмайды.

Форумның негізгі міндеті – білім беруді, ғылымды, тәжірибе мен бизнесті үйлестіру аясында ұзақ уақыттық ынтымақтастық орнату үшін кәсіби-ғалымдар мен практиктер арасында нетворинг және өзара байланыс алаңын орнату.

Asfen-Forum-2023

Байланыс

Аты-жөні Қызмет атауы Телефон Пошта
Байболсынова И.Ж. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқару бөлімінің бас маманы +7 775 857 7175 baibolsynova.i@kaznmu.kz
Жарияланымдар мен тезистер бойынша кеңес алу үшін байланысатын тұлға:
Онгалова Р.А. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқару бөлімінің бас маманы +7 775 182 73 26 ongalova.r@kaznmu.kz
Кулимбет М С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы +7 707 916 5387 mkulimbe@kaznmu.kz